3.02.2017, 18:32
Оқылды: 20

Насихатшы топ - Қаратөбе өңірінде

????????????????????????????????????

  Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі шаралар туралы аудан активінің жиналысы өтті.


  Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиналысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов қатысты.

  - Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында мемлекет алдыңда ең маңызды жаңа міндеттерді бекітіп отырады. Елбасының биылғы халыққа арналған Жолдауы қазіргі тарихи жағдайға, қазіргі ғаламдық жағдайларға Елбасымыздың беріп отырған жауабы. Прездентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бұдан әрі дамуына жол бастайтын өте маңызды стратегиялық жоспары боп саналатын тарихи құжатта Елбасымыз Қазақстанның одан әрі жаңа тарихи жағдай шеңберінде ілгерілеу бағыттарын белгілеп берді. Бұл ретте ұлттық экономиканы көтеру арқылы ең негізгі мақсат халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаева.

  Актив жиналысында сөз алған өңір басшысының орынбасары Марат Лұқпанұлы тарихи құжаттың басты ерекшеліктері мен маңыздылығы ел экономикасын дамытуға бағытталғандығын атап өтіп, қаратөбеліктердің де Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруда елеулі қызмет атқаратындығына сенім білдірді.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале