31.05.2021, 14:38
Оқылды: 57

Нәубет құрбандарын еске алды

Жәнібек ауданы орталығындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгінің алдына жиналған аудан активі нәубет жылдарында жазықсыз жапа шеккендерді еске алу рәсімін өткізді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев жаппай қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған ескерткіш-белгіге, аудандық маслихат хатшысы Тахир Кадимов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев революция құрбандарына арналған ескерткіш-белгіге, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен еңбек ардагері Меркен Кенжеғалиев қазақтың революционер қызы Алма Оразбаеваға арналған ескерткіш-белгіге гүл шоқтарын қойып, зобалаң шақта зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың рухына тағызым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

ED91276D-F334-476F-82C7-AC07843F5B09

Бұдан соң жиналған қауым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиевтің нәубет құрбандарына бағыштап оқыған құранын ықылас салып тыңдады. Еске алушыларға шелпектер мен бауырсақтар таратылып, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты кітап көрмесі тамашалауға ұсынылды.

B9013F02-729B-4978-8EAE-9D3A527C7870

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале