3.03.2022, 14:30
Оқылды: 71

Наурыз айы басталғалы аудан жастары не тындырды?

Ардагерлерге құрмет көрсетті

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Болашақ ауылдық кітапханашысы Айнагүл Қарабалина және «Жас ұлан» ұйымының мүшелері мерекеге толы наурыз айын ауылдағы егде жастағы ардагерлер мен зейнеткер ұстаздары құттықтаудан бастады.

IMG_20220303_123046_043

 

Ауыл жастары мен кітапханашылардың құрметіне разы болған кейуаналар қариялар құттықтай келген жандарға ақ батасын беріп, рахметтерін жаудырды.
-Үлкенге құрмет көрсету арқылы жас буынды сыйластыққа, тәрбиелікке баулу, жас оқырмандарымызды ілтипаттылыққа, қамқорлыққа дағдыландыру мақсатындағы ұйымдастырылған игі бастама жыл бойына жалғаспақ.

***

 

Белсенді жастардың жанашырлығы

Аға буын өкілдеріне көмек көрсетіп, жастардың бойында патриоттық сезімін ояту және оларды жанашырлыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу мақсатында қолға алынған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы жалғасуда.

IMG_20220303_123041_194 (1)
Жуырда Бәйтерек ауданына қарасты Шалғай ауылдық округінің жастары ауылда тұратын жалғысбасты қариялар мен кейуаналардың үйлеріне барып, ауласын басқан қарды тазалап, көмек көрсетті.
Жыл бойы жалғасатын акция ауданның басқа да округтерінде жүргізілетін болады. Бұл туралы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева мәлімдеді.
Сонымен қатар ауылының экологиялық тазалығына үлкен мән беретін ауданға қарасты Белес округінің жастары ауыл маңынан ағып жатқан Деркөл өзеніне барып, «Балыққа ауа жібереміз» атты экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Мұз үстінен ондаған ойық ойып, оны қамыспен жапқан жастар қыс соңына дейін бұл игі істі тағы бір мәрте өткізбекші екен.

***

Толғандырған сұрақтарға жауап берді

Жуырда Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық Январцев ауылындағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Оған аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейітқалиева, теолог Фариза Абатқызы қатысты.

IMG_20220303_123053_327
Жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесу барысында қонақтар қыз бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар және дін төңірегінде әңгіме қозғап, ел үкіметінің жастарды қолдауға арналған бағдарламалары және волонтерлық корпус жайында да толық мағлұмат берді.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале