24.03.2022, 20:33
Оқылды: 160

Наурыз мейрамын атап өтті

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан қымбат қазыналарының бірі һәм бірегейі.

009

20 наурыз күні Жаңақала ауданы С.Меңдешев ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Бақ берекем, құт мерекем – Әз Наурыз!» атты мәдени шара өтті.  Ашылу салтанатында ауыл әкімі Абзал Ахметов құттықтау сөз сөйлеп ашып берсе, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Жанайдар Болатбекұлы ізгі тілегін жолдады.

- Құрметті жерлестер, қадірлі ауылдастар! Бәріңізді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Түркі халықтарының жаңа жылы боп саналатын осынау мейрамның тарихы тым тереңде. Жыл жақсылығымен келсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ даласында молшылық пен бейбітшілік орнай берсін. Үлкендеріміз аман болсын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын. Мереке құтты болсын, - деді Ж.Болатбекұлы.

008

Киіз үй тігіліп, оның ішіне әсем дастарқан жайылып, үлкендер жағы дәм татты. Мәдени шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ауыл өнерпаздары ән айтып, күй тартты.

Сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді. Мерекелік шараға белсене қатысқан мекеме ұжымдары мен жәрмеңкеге өз тауарларын ұсынған ауыл тұрғындары ауыл әкімінің алғысхатымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Жарас Садық,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале