20.03.2023, 17:59
Оқылды: 43

Наурыз тойы тойланды

Бүгін Наурыз мерекесіне орай «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты шара өтті.

Наурыз тойы тойланды (8)

Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов, орталықтың ем алушылары және сауықтыру ұжымы қатысты.

Наурыз тойы тойланды (4)

Шара барысында А.Нұрғалиқызы дәстүрлі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Наурыз тойы тойланды (3)

Аталған орталық басшысы Қобылан Бекенов те Наурыз мерекесіне орай ақжарма тілегін арнап, денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан бірқатар әріптестеріне алғысхат ұсынды.

Ұлыстың ұлы күнінде Қыдыр ата келіп ақ батасын берсе, ақ жаулықты әжелеріміз нәрестені салт-дәстүрімізге сай бесікке салу рәсімін жасап, шашу шашты. Арнайы тігілген киіз үйдің ішіне дастарқан жайылса, сыртында келіндер наурыз көжесін дайындапты. Сауықтыру орталығының өнерпаздары қара жорға биімен көрерменді тәнті етіп, бір серпілтіп тастады.

Сондай-ақ аудандық Қ.Жантілеуов атындағы музыка мектебінің домбырашылары күмбірлете күй тартса, орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері А.Әділбекқызы және Т.Қайырғалиұлы әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Орталықтың ем алушысы Мұрат Жұбанов та «Ауылға барам» әнін нақышына келтіре шырқады.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале