5.03.2022, 18:12
Оқылды: 70

Нәзік жанды еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

Бүгін Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұзақ жылдар еңбек етіп, еңбегінің зейнетін көріп отырған нәзік жанды еңбек ардагерлері Надежда Гифнейдер және Әмина Құмаева аналарымыздың шаңырағында болып, айтулы мерекемен құттықтады.

C2C3441A-EE91-4716-89F8-CEB8CFE37E1F

Надежда Гифнейдер ауданымыздың медицина саласында акушер маманы болып қызмет етіп, көптеген сәбидің өмірге келуіне себепкер болған жан. Ал, Әмина Құмаева анамыз ауданымыздың кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне ден қойған абзал жан.

B848DA67-3466-468F-BD90-9968257A0CF9

Аудан әкімі Альберт Темірболатұлы ақ жаулықты аналарымызға жылы лебізін білдіріп, гүл шоқтары мен мерекелік естелік сыйлықтар табыс етті. Көпті көрген, ауызы дуалы, сөзі жүйелі мереке иелері аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

2914CAD4-26CB-4E72-91E3-76122CAFB96A

Еңбек ардагерлеріне аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, «AMANAT» партиясының Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Бекмулдин, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов өздерінің ақ тілектерін жеткізді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале