21.08.2026, 17:45
Оқылды: 5

«NEFTEK» Жаңақалада

Жаңақала күннен күнге көркейіп, заман талабына сай дамып келеді. Осы оң өзгерістердің айқын дәлелдерінің бірі «NEFTEK» автожанармай құю станциясының ашылуы.Бұл әлеуметтік-экономикаға жаңа серпін берген маңызды шараға ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен «NEFTEK» ЖШС бас директоры Асылбек Нупов қатысып, ел игілігіне арналған жаңа нысанның бой көтеруімен құттықтады.

image3

Бұл — компания желісі бойынша іске қосылған 23-ші заманауи бекет. Нысан жергілікті 15 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Айта кету керек, аталмыш жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құраған. Осынай айтулы күнде компания ұжымы кішкентай тұрғындарымызды қуантып, «Мектепке жол» акциясы аясында 8 оқушыға мектеп құралдарын табыстады.
Енді ауданымызда Электроккөліктерді қуаттауға мүмкіндік бар .

image4

Қазіргі таңда бұл Орал өңіріндегі «NEFTEK» желісі бойынша жұмыс істеп тұрған жалғыз электрлі қуаттау бекеті. Алдағы апталарда осындай заманауи қуаттағыштар Орал қаласындағы «NEFTEK» желілерінде де кеңінен қолданысқа берілетін болады.

Айгерім Төлепова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале