15.08.2022, 12:16
Оқылды: 64

Негізгі мақсат - пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері: аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы - комиссия төрағасының орынбасары Нұрболат Әбдірешев, аудандық прокуратураның аға прокуроры Әлия Халелова және «SHOPAN ATA» қауымдастығы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Сабанов Күйгенкөл ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

14

Кездесуді ашқан Біржан Қайырғалиұлы жиынға қатысушыларды аталған комиссияның құрамымен таныстырып, негізгі мақсат - мониторинг жүргізу арқылы пайдаланылмай жатқан және ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару екендігін атап өтті.

-Қазіргі кезде мал шаруашылығындағы өзекті мәселенің бірі - жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі. Бұл әрине, шаруашылық құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылық иелігіндегі мал басы санының жыл санап артуына байланысты екендігі сөзсіз. Аталған шаруашылықтардағы мал басының саны заңнамалық тұрғыда реттелмейді, ал шамадан артық малдың болуы жайылымдық жерлерге ауыртпалық түсіріп, жердің тозуына алып келеді, - деді Нұрболат Зұлыпқарұлы өз сөзінде.

-Жерді өз мақсатына сай тиімді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары оны кері тапсырулары керек. Жер сұрап жүрген жастар көп. Жерді пайдаланбай отырғандар оны кері сата алмайды, біз оған жол бермейміз. Жер тек мемлекетке қайтарылуы тиіс, - деді Бауыржан Қанатұлы.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале