4.10.2019, 10:57
Оқылды: 82

Несие алу талаптары түсіндірілді

 Қаратөбе ауданында «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ орталық аппаратының несиелендіру департаментінің бас менеджері Ербұлан Тушкенов келіп, несие алып кәсіп ашқысы келетін азаматтарға түрлі бағдарламалар бойынша берілетін көмектер турасында түсіндірді.

qaratobe (5)

Бас қосуға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев жиынға келген ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілеріне арнайы мамандардан өздерін мазалаған сұрақтары бойынша сауал жолдап, белсенді қатысуға шақырды.

Ербұлан Талғатұлы аталған қор арқылы «Игілік», «Кәсіпкер» бағдарламалары арқылы берілетін несиелер туралы кеңінен баяндап берді.

Шағын бизнес пен мал шаруашылығын дамыту бағытында 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізілетін несиелеу түрлі бағыттты қамтиды. Атап айтсақ, «Игілік» бағдарламасы мал, құс, бал арасын, мал азығын сатып алуға берілсе, «Кәсіпкер» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан ауылшаруашылық техникалары мен мал сатып алуға кепілдікпен берілетін несие қаржысының сомасын ұлғайтуға, тағы да басқа мәселелер турасында сұрақ қойып толымды жауаптар алды.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале