26.08.2021, 14:25
Оқылды: 50

Нидерланды, күт мені!

Сырым ауданы бойынша 171 түлек орта мектепті аяқтаған болса, олардың 76-сы мемлекеттік гранттың иегері атанды. Бұл жалпы түлектердің 44%-ын құрайды.

гр

Сырым аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Нұрбол Темірбековтың айтуынша, мектеп түлектерінің мемлекеттік грантты жеңіп алуы – сол мектептің білім сапасын көрсетеді. Білім беру бөліміндегі ақпаратты талдасақ, Абай орта мектебін бітірушілердің 83, 33 %-ы, А.Жұмағалиев атындағы орта мектеп түлектерінің 88 %-ы, Бұлан орта мектебі түлектерінің 75%-ы оқуға түсіп, аудандық нәтиже ауқымды үлес қосқан.

Сондай-ақ биыл Жымпитыдағы Сырым лицейі алғашқы түлектерін ұшырған еді. Олардың бәрі де мемлекеттік грант иегерлері атанып, 100 % межені орындады. Инабат Хамитова облыс әкімі Ғ. Есқалиевтің арнайы грантымен Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне оқуға қабылданды.

Тағы бір ерекше жаңалық – Қ.Мырзалиев атындағы мектептің түлегі, осыған дейін республикалық ғылыми жобалар байқауында топ жарған дарын Шадияр Елеубаева (суретте) шетелге, Нидерланды мемлекеті, Маастрихт қаласындағы UWC Maastrichtколледжіне оқуға түсті.

IMG_0157

UWC Maastricht колледжі – халықаралық бакалавриат бағдарламасы (IB) бойынша оқытатын, әлемдік университеттерге түсуге мүмкіндік беретін беделді оқу орыны.

university-college-maastricht-glance

Бауыржан Ширмединұлы

Суретте: UWC Maastricht колледжі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале