10.11.2023, 22:48
Оқылды: 46

Новенький ауылында қолөнершілер көрмесі өтті

Қолөнер – қазақ ұлтының мәдениетінің ең асыл саласының бірі. Сондай-ақ, әлемдік көркем мәдениеттегі даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Осындай халық өнерінің сарқылмай дамуы үшін өз үлесін қосып жүрген шеберлер аз емес.

IMG-20231107-WA0037

Бәйтеректіктердің шеберлігі мен талантын осы орайда Новенький ауылдық кітапханасында Достық, Володар, Чувашка, Трекин ауылдық кітапханаларымен біріккен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қолөнер – сырлы өнер» этнокелбет көрмесі паш етті.

Аталмыш іс-шараға қазақтың ұлттық қолөнерінің өміршеңдігін сақтау үшін еңбек сіңіріп келе жатқан қолөнершілер қатысты. Олардың арасында бүгінде игі өнерді кәсіпке айналдырып отырған Достық ауылының тұрғыны Лунара Шукулова, Володар ауылынан келген Эльвира Мухамбетова, Новенький ауылынан Марал Кажимова мен Айнаш Кубекова бар.

Шеберлер түрлі тұрмыстық бұйымдар жасаумен айналысып, оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беріп, көрмеге қойылған бұйымдармен таныстырды. Көрмеде  келешек ұрпаққа ұршық иірудің қыр-сыры да көрсетілді.

Іс-шара барысында жас өнерпаздар қазақтың қара домбырасымен әсем күй шертіп, әуезді әндерімен көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

Ләззат Дишенова,

Бәйтерек ауданы 

Новенький ауылдық кітапханасының кітапханашысы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале