15.03.2021, 19:13
Оқылды: 83

«Nur Oran» халық аманатын орындауға кірісті

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы автиві отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

64A750CD-41E9-45C2-B49D-B84F4672E38B

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды  бағдарламасын іске асыру  бойынша іс-шаралар жоспары, жол карталарының  орындаудағы міндеттер,  сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі  аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқа да тапсырмалардың  орындалуы, аудандық сайлауалды бағдарламасы және жол картасында көрсетілген жұмыстар қаралды.

3337F258-85A8-48CC-B7A1-1567D3975C63

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев:

–   Елімізде 10 қаңтар күні үлкен саяси науқан өткені мәлім. Сырым ауданы да бұл сайлау да белсенді еңбек етті. Депутаттық корпус Сырым ауданы бойынша 70 пайызға жаңарды. Депутаттыққа жас азаматтар келді, әйелдердің саны артты. Біз облыс бойынша праймериз және үгіт-насихат кезінде халықтан 2200-ден астам аманат жинадық. Оның басым көпшілігі сайлауалды бағдарламаға енгізілген болатын. Ендігі біздің мақсатымыз – ұсыныс-аманаттарды құр уәде ретінде қалдырмай, сапалы орындау. Жол картасын орындау мақсатында көптеген іс-шаралар қабылданып жатыр. Паритяның басшылығы Үкіметпен бірлесіп, мәселелерді шешу мақсатында қаржы бөлуде. Бұрынғы сайлауларда бір партияға бір ғана сайлауалды бағдарлама болатын, соңғы сайлауда әр өңір, әр аудан бойынша  өзінің жеке сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Әр ауданның әлеуметтік даму бағдарламасы жасалды. Сайлауалды бағдарламаны орындауда жол картасы қабылданды. Мысалы, Сырым ауданында кезең-кезеңімен бес жылдың ішінде кем дегенде 150 пәтер саламыз деген жоспарымыз бар. Ауданның жол, интернет мәселелері сайлауалды бағдарламаны орындау жол картасында қаржымен нақтыланған. Ай сайын атқарушы органдармен бірлесіп, жоспардың жүзеге асырылуын бақылап отыратын боламыз,-деді.

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев Сырым ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының  «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты  сайлауалды бағдарламасын іске асыру  жөніндегі Жол картасы туралы баяндама жасады. Талғат Мұратұлының мәлімдеуінше, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарындағы кездесулердің  қорытындысы бойынша 30 пайызы Жол картасына енгізілді. Оның ішінде жолдарды жөндеуге қатысты мәселелері – 25, ұялы байланыс, интернет жөніндегісі – 21, білім беру саласын қатысты мәселелер – 22,  сумен қамту – 18, жастарға қатыстысы – 9, ауыл шаруашылық саласына қатыстысы – 8,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  саласына қатысты мәселелер – 26,  қариялар, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулілерге байланыстысы – 20, өзге де мәселелерден – 91 аманат берілді.

«Nur Otan» партиясының Сырым аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жұмысын ұйымдастыру мақсатында алдағы  бес жыл ішіндегі іске асырылуы тиіс міндеттер айқындалып, оларды орындау бойынша депутаттық фракцияның жалпы және депутаттық фракциясының әр мүшесінің іс-шаралар жоспарына қатысты 12 тармақтан тұратын жоспар жасақталды.

Аудандық сайлауалды бағдарламасы және жол картасында көрсетілген жұмыстарды аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Муса Шалабаев баяндады.

Ардагер Ғилаж Қаналиев Алғабас ауылына күрес залын салу қажеттігі туралы айтса, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов жол бойында малға соғылу фактілерін азайту мақсатында жолға жылдамдық өлшегіш құрылғы қоюды ұсынды. Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева атқарылған жұмыстар мен өзіне жүктелген аманаттардың орындалғандарын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов ауданда биыл жасалатын ауқымды жұмыстар көп екенін мәлімдеді. 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале