13.05.2021, 14:49
Оқылды: 74

«Nur Otan» партиясының кезекті конференциясы өтті

Бүгін ZOOM платформасы арқылы онлайн форматында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының  кезекті ХХVII есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына партияның Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

767100DA-3C3B-4582-ADF0-7E75707AA756

Жиынның күн тәртібінде партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері, сонымен қатар бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысы туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы және Партия аймақтық филиалының Саяси кеңесін сайлау және партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясын сайлау мәселелері ортаға салынып, талқыланды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

  zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале