29.04.2021, 14:28
Оқылды: 96

«Nur Otan» партиясының кезекті конференциясы өтті

Бүгін онлайн форматында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезекті ХХХІІ есеп беру - сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

26623ECF-D410-465B-B58A-EC5F0F06386E

Жиынның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер; Партия аумақтық филиалының Саяси кеңесін сайлау; Партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.  

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова баяндама жасап, саяси кеңестің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттерге кеңінен тоқталды.

- Партия саясатын, бүгінгі атқарған істері мен болашақ мақсаттарын насихаттау, ең алдымен, бастауыш партия ұйымдарына жүктелген. Бұл ретте Шыңғырлау  ауданында 1329 мүшесі бар 12 бастауыш партия ұйымы халықпен, қоғаммен, әртүрлі бағыттағы үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жылдан-жылға жетілдіріп келеді. Осы орайда, 2019 жылдың қыркүйегінде 24 партиялық жоба оңтайландырылды, қазіргі уақытта партия нақты әлеуметтік топтарға бағдарланған «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Жастар Отанға» атты 6 әлеуметтік жобаны іске асырып отыр, - дей келе С.Бәйтенова әр жобаны толық баяндап өтті.

Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамына 15 мүше сайланып, күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралды.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале