1.03.2022, 10:10
Оқылды: 46

«Nur Otan» партиясының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ бастауыш партия ұйымында 1 наурыз – партия күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер тапсырылды.

IMG-20220223-WA0068

Сонымен қатар, аталған іс шараға партия ардагерлері қатысты. Ақбұлақ бастауыш партия ұйымының төрағасы Светлана Байтенова «1 наурыз – «Nur Otan» партиясының құрылған күні. «Nur Otan» партиясы құрылған күнінен бастап экономика мен саясатта ауқымды реформаларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар 1 наурыз - Алғыс айту күні. Наурыз айының басында ел азаматтары бір-біріне алғыстарын жеткізеді. Әрі бұл күн ұлттық бірлікті нығайтушы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен дөп келуде.

Алғыс айту күні – бұл көп ұлтты Қазақстан азаматтары патриотизмінің көрінісі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, еліміздің тыныштығы басты байлығымыз бен жетістігіміз», - деп атап өтті. Осы күні партия қатарына Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Юмабаев, Тасмола орта жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Ә.Файзуллина, мәдениет саласы бойынша А.Аблазова, округ әкімі аппараты бойынша Г.Нұрғазиевалар қабылданды.

–Мен бүгін «Nur Otan» партия­сының мүшелігіне өткеніме қуаныштымын. Өз еліме абыройлы қызмет ету – басты пары­зым деп есептеймін. «Nur Otan» партиясының бүгінгі таңда  білім саласына, жас­тар­­ға үнемі қамқорлық танытып, қол­дау көрсетіп отырғанының да куәсімін. Осы орай­да, партияның жобалары жас­тардың еңбекке ор­на­­ласуына мүмкіндік туғызып, өз ар­мандарын жүзеге асыруына қолдау көрсетуде, – деген шынайы тілегін жеткізді жас ұстаз Әсем Файзуллина. Сонымен қатар аталған мереке қарсаңында партия бастауында тұрған ардагерлерге де ұйымның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін айырықша алғыс білдірілді. “Сіздердің еңбек жолдарыңыз, қоғамдық-саяси өмірдегі азаматтық ұстанымдарыңыз біз үшін үлкен өнеге мектебі. Еліміз бен жеріміздің амандығын тілей отырып, болашағы сенім мен мол мүмкіндіктерге жол ашатын еліміздің әрқашан абыройы асқақ, тұғыры биік болсын, отбасыңызға береке-бірлік, тілеймін деген жүрекжарды тілегімді білдіремін.”- деді Светлана Ешматқызы.

IMG-20220301-WA0008

Кездесу соңында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында еліміздің тарихынан сыр шертетін кітаптар сериясымен таныстырылым өтті.

А.Имашева

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале