9.06.2022, 12:15
Оқылды: 37

Нұрдәулетке көмек

Ауылдасымыз Нұрдәулет Бауыржанның емделуіне қаражат жинап, қолдау көрсетіліп жатқаны жөнінде газетімізде осыдан бұрын да жаздық. Қайырымдылық шараларының легі өткен сенбіде жалғасын тапты. Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен аудандық мешіттің ұйымдастыруымен «Жылы жүрек – жомарт қол» қайырымдылық акциясы аясында футзалдан турнир өтті.

IMG_6775

Оған аудандағы округ, мекемелерден бөлек, Қазталов ауданы Қошанкөл ауылынан және Бөкей ордасынан «Нарын», барлығы 11  команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Нұрдәулеттің әкесі Руслан Жеткізов көпшілікке ризашылығын жеткізді:

«Баламның денсаулығына алаңдап, қолдау білдіргендеріңізге алғысым шексіз. Нұрдәулеттің өзі келіп тамашалағысы келіп еді, бірақ қазір төсекке таңулы. Бүгінде керек қаражаттың 13 пайызы жиналды. Сіздердей жүрегі жылы жандардың көмегімен баламның «аяққа тұрып кетсем» деген арманы орындалады деген үмітіміз зор», - деді ол.

Сонымен аяқдоп бәсекесінде қошанкөлдіктер І орын, БЖСМ командасы ІІ орын, аудандық мешіт жігіттері ІІІ орынға ие болды. Орын алған командаларға чапайлық жеке кәсіпкер Батырбек Нұрланұлы демеушілік жасап, ақшалай сыйлық ұсынды.

Жарыста жиналған қаражат Нұрдәулеттің отбасына табысталды. Осы жарыстың өтуде басы-қасында жүрген БЖСМ футбол жаттықтырушы Асланбек Ғабдуллин алдағы уақытта «PLAYSTATION»-да  FIFA 22 турнирінен қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жоспарда барын айтты.

Еске сала кетсек, Нұрдәулет Бауыржанға дәрігерлер «Прогрессивті бұлшықет дистрофиясы» диагнозын қойған болатын. Оның емделуіне 80 млн. теңге қажет. Ота тек АҚШ-тың Огайо штаты Цинциннати қаласы клиникасында жасалады.

Нұрәлі Әлім,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале