31.05.2021, 18:18
Оқылды: 73

Нұрқанат - үздіктердің үздігі

Жуырда өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІV  «Рухани қазына-2021» онлайн облыстық фестивалінің І іріктеу кезеңінде Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық мәдениет үйінің директоры Нұрқанат Қабибуллиев «Үздік ауылдық мәдениет қызметкері» аталымы бойынша үздіктер қатарынан табылып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

D325EC80-D080-482A-9020-57EF503FAD6C

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген азаматтары мен азаматшаларының жанында жүріп, тәжірибе алмасып көру деген өңім түгіл түсіме де кіріп шықпаған еді. Биыл үшінші жыл өткізіліп отырған "Рухани қазына - 2021" фестивалінің облыс көлеміндегі кезекті байқауына қатысуға ниет етіп, бағымды сынап көрмекке бел будым. Үш жылдық жасалған жұмыстарымды жинақтап облысқа ұсындым. Көп ұзамай облыста менің жұмыстарымды бағалап, қанжығама бас жүлдені байлады. Республикаға жолдама алу мен үшін күтпеген жаңалық болды. Белгілі өнер тарландары менің жұмысыма оң бағасын беріп, "Үздік ауылдық мәдениет қызметкері" аталымымен марапатталдым. Бұл менің арманымның бір бөлігі орындалған ұмытылмас сәттердің бірі. Осы тұста өзіме қолдау білдіріп, сенім артқан ата-анама, отбасыма, аудандық мәдениет бөлімі мен аудандық мәдени демалыс орталығының ұжымына және облыстық халық шығармашылығы орталығына үлкен алғысымды білдіремін»,- деді жеңімпаз.

 А.Лепес,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале