20.11.2022, 13:29
Оқылды: 40

Нұрсайлық ақ халаттылар сайлаудан сырт қалмады

Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округіндегі №228 сайлау учаскесінде Тереңкөл фельдшерлік акушерлік пунктінің медқызметкерлері Әсел Нагумова мен Зәмзагүл Оразова дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
6
"Ел ертеңі үшін, әрқайсымыздың даусымыз маңызды. Біз бірлігі бекем, Қуатты Қазақстан үшін, азаматтарымыздың алаңсыз болашағы үшін таңдау жасадық" деген ақ халаттылар "Деніміз сау, аспанымыз ашық, ел іргесі тыныш болсын!" деген тілектерін жеткізді.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале