28.04.2022, 15:30
Оқылды: 143

«Нұржан» жерлестерін қуантты

Теректі ауданы Аңқаты ауылына көгілдір отын 2014 жылы келген екен. Өткен 8 жыл ішінде халықтың дені табиғи отынға қолы жетіп, рахатын көріп отыр. Тек, ауыл ішінде 24 үй сол желіге қосыла алмай отырған болатын.

IMG_20220428_151241_671

Биыл ауылдық округ әкімі Асқар Хайрекеев бұл істің шешімін тапты. Жергілікті «Нұржан» ЖШС басшысы Әлжан Нұржанұлымен келіссөз жүргізіп, келісімге де келді. Сөйтіп, газ желісіне әлі қосылмаған үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.

Жерлестеріне қарасуға бейім Нұржан Ержанұлы үй басына 250 мың теңгеден газ құбырын кірігізіп беруге келісті. Және мықты жеңілдік бар. Төлемнің 100 мың теңгесін тұрғындар бірден береді. Ал қалған 150 мың теңгені жағдайларына қарай, 5-10 мың теңгеден, еш пайыздық жүктемесіз, бөліп төлейді. «Қысқа жіп күрмеуге келмей», көгілдір отынға қосылу жолын іздеп жүрген жандар үшін бұл үлкен көмек. Қуанып отыр. Ұйымдастырған ауыл әкіміне де, қарасқан Әлжан Нұржанұлына да ризашылықтарын айтып жатыр.

Осы жақсы іс нәтижесінде 276 түтінді Аңқаты 100 пайыз көгілдір отын тұтынуға қол жеткізеді.

 Құрманай Өтешова,

Аңқаты ауылы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале