8.10.2022, 23:34
Оқылды: 154

Облыс әкімі Шыңғырлауда

Бүгін ​облыс әкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді.

IMG-20221008-WA0037

Сапардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің әкімдердің, халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың Ақбұлақ ауылдық округінде өтетін есептік кездесуіне қатысу болды.

IMG-20221008-WA0041

Ең алдымен облыс басшысы өткен жылы қолданылуға берілген жаңа мәдениет ошағын аралап, арнайы жасақталған қолөнер бұйымдарының көрмелерін тамашалап,​ ауыл жастарымен кездесті. Мәдениет үйінің жұмысымен толық қанық болған соң, есептік жиынға қатысты.

IMG-20221008-WA0042

Жиынды аудан әкімі Әлия Биғазықызы облыс орталығынан келген делегация өкілдерімен таныстырудан бастап, өз баяндамасымен жалғастырды.
Баяндама барысында аудан әкімі 9 ай көлемінде Ақбұлақ ауылдық округі бойынша тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты міндеттермен бөлісті.
Жалпы 530 тұрғыны бар шағын округте ауыз су, көгілдір отын, ұялы байланыс, жарықтандыру сияқты негізгі мәселелердің оңды шешімі табылған. Оған қоса ауылшаруашылық саласына бет бұрушылар саны жыл артқан сайын көбейіп келеді екен. Жалпы ауылдық округ бойынша қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында 35 шаруа қожалық, 3 жауапкершілік шектеулі серіктестігі және 1 өндіріс кооперативі қызмет етуде. Соның ішінде 3 шаруа қожалықтары мен 1 жауапкершілігі шектеулі​ серіктестігі асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.
— Округ бойынша мал тұқымын асылдандыру бағытында мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына 2021 жылы 109 млн.​ 400 мың теңге субсидия​ төленген болса, 2022 жылдың 9 айында 19 шаруа қожалықтарына72 млн.​ 109 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Ал жаңа техника сатып алу үшін ағымдағы жылы субсидиясы соммасы 9 млн. 307 мың теңгені құрады. 2022 жылдың ​ І жартыжылығында​ округ шаруалары 2 дана трактор және 5 дана басқа да ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды. «ErqanatGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылы шалғайдағы жайылымдарға 4 құдық қазып, электробақташы құрылғысын іске қосты. Сонымен қатар «Байқадам»​ шаруа қожалығының​ басшысы Нукатов Талғат ауыл тұрғындары үшін мал сою алаңын салып, осы жылы іске қосқанын атап өткім келеді, - дей келе, аудан әкімі қазіргі таңда округте 11 мың 642 тонна​ қысқы мал азығы дайындалып, жоспар 107 пайызға орындалғанын және 1 бума шөптің орташа бағасы 3 мың ​ 500 теңгені құрап отырғанын тілге тиек етті.
Өңір бойынша инвестиция тарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Аудан әкімі кәсіпкерлер тарапынан қолға алынған шараларды баяндап, олардың материалдық базасына тоқталып өтті.​ Сонымен қатар, Әлия Биғазықызы баяндама барысында округ бойынша жағдайы төмен отбасы жоқтығына байланысты жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы жоқ екенін айтып өтіп, бүгінгі таңға дейін есептік жиын барысында ​ көтерілген сұрақтардың шешілу жолдарына тоқталды.​ Мәселен, соңғы кездесуде Ақбұлақ тұрғындары су мұнарасын жөндеу мәселесін көтерген еді. Бұл мәселені шешу мақсатында аудандық бюджеттен 1 млн. 143 мың теңге бөлініп, ағымдағы жылдың тамыз айында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар округтегі негізгі мәселелердің бірі Ақбұлақ ауылына кіре беріс 1 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру мәселелері болып отыр.​ Бұл бағытта​ 1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімідігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды. Ендігі кезекте алдағы жылдары қаражат мәселесі шешімін тапқан жағдайда бұл жобамыз іске асады деп жоспарлануда.

IMG-20221008-WA0039
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды саралай келе, тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап берді.

IMG-20221008-WA0044
Жиыннан кейін өңір басшысы Ақбұлақ ауылдақ округіне қарасты Қотантал ауылында орналасқан «ErqanatGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Инвестордың жаңадан салған заманауи үлгідегі мал қорасын, ангар, 3 пәтерлі тұрғын үйін, техникаларын аралады.

​Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале