13.12.2021, 22:42
Оқылды: 90

Облыс әкімі шыңғырлаулықтарға мерекелік медаль табыс етті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі Шыңғырлау аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиынмен жалғасты.

4

Әсем безендіріліп, әуен шалқыған кең зал басты мерекемізді тойлауға асыққан еңбек майталмандарымен, арнайы келген қонақтармен, еңбек ұжымдарымен толды. Сахнаға облыс әкімі Ғали Есқалиев көтеріліп, басты да қастерлі мерекемен құттықтап, барша жұртшылыққа игілік пен жақсылық тіледі.

6

Облыс басшысы сахна төріне кезегімен шақырылған еңбек адамдарын, шаруа қожалық басшылары, зейнеткерлер мен мекеме-ұйымдардағы қызметкерлерге мерекелік медальдар мен алғысхаттарды салтанатты түрде тапсырды.

8

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль ауданымыздың бірқатар ащаматтары мен азаматшаларына табыс етілді.

7

Марапаттау сәтінен соң аудан көркемөнерпаздары мерекелік бағдарламасын ұсынды.


Г. Ботанова
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале