5.02.2020, 12:19
Оқылды: 85

Облыс әкімі Теректі ауданына инвестиция тарту қажеттігін айтты

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланатын есептік кездесуін өткізгені белгілі.

terekti esep (3)

Әділ Тауфиқұлы баяндамасын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, суландыру, құрылыс мәселелерімен жалғастырып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік қорғау жайына да баяндап өтті.

Әрі қарай алда тұрған жоспарлармен бөліскен аудан басшысы өткен жылдары басталған тұрғын үй салу қарқын алатынын айтты. Орал-Федоров тас жолы бойында жатқан Тоқпай ауылында 3 қабатты 6 пәтерлік 40 үй салынады. Тағы да 240 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл баспана ең алдымен көп балалы отбасыларға арналған.

Әрі қарай сұрақ-жауаппен жалғасқан кездесуде ауданның қоғамдық кеңесі мүшесі Ерғали Бекетов аудандағы баспана салу, таза су жеткізу, жол жөндеу жұмыстарына көңілі тоқ екенін айта келіп, сол Долин ауылына газ кіргізу жөнінде сұрағын қойды.

terekti esep (9)

Есеп беру жиыны басталмастан бұрын Долин ауылында болып, халықпен кездесіп қайтқан облыс басшысы Ғали Есқалиев бұл сұраққа:

dolin (10)

 -Долин ауылына, маңында жатқан Төңкеріс және Қоныссай мекендеріне газ жеткізу алдағы болатын мәслихат отырысында қаралады. Сол ауылдағы мектеп те күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Бұл жұмысқа қаражат қарастырамыз. Мәселе 1-2 айда шешілуі керек, - деп жауап берді.

dolin (6)

Жалпы Теректі өңірінде өткен жылы атқарылған қомақты жобалар мен ауқымды шаралар көп екендігін айтқан облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы «Инвестиция болмаса, даму болмайды» деп, ауданға инвестиция тарту қажет екенін баса айтты. Оның үстіне ауданда салық азайғанын, соның салдары құрылыс, жөндеу жұмыстарына салқынын тигізетінін айтып, кәсіпкерлерді салық төлеу тазалығына шақырды.

Басты жаңалық – аудан аумағында, Пойма ауылы маңындағы индустриалдық аймақ жанданады. Шетелдік инвестор тап осы жерде жылыжай салуға қызығушылық танытып отыр. Яғни, табыс көзі, жұмыс орны ашылады.

Жаздағы сапарында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарды еске алған облыс басшысы Теректі ауданының жол бойы жатқан ауылдардағы бағусыз мал мәселесін пысықтады.

dolin (5)

Аудандық мәслихат депутаты, «Бақыт» шаруашылығының басшысы Аманғали Бөкенбаев Теректінің төл тумасы - қазақтың ақбас ірі қарасының тұқым ретінде танылғанына 70 жыл толғанын мақтанышпен айтып, соны атап өтуді ұсынды.

Аудандық қоғамдық келісім кеңесі мүшесі Талғат Тапалов электр желілерінің тозығы жеткенін тағы да еске салып, халық күткен Жайық-Шалқар су арнасының жайын сұрады.

terekti (4)

Онлайн режимде, әлеуметтік желі арқылы байланысқа шыққан Шағатай ауылының тұрғыны Динара Құрмашева өз ауылы үстінен өтетін «Барбастау-Индер» тас жолы жөндеу көре ме?» деген сұрағына: «Биыл бұл жолды жөндеу басталады. 6,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. 2020 жылы жолдың 50 шақырымы жөндеуден өтеді», - деген жауап алды.

Тап осы жолмен «Подстепное ауылында балалар мектепте үш ауысымда оқып жүр. Осы мәселе оңды шешілер ме екен?» деген сұрақты ауыл тұрғыны Жазира Иргалиева жолдады. Бұл сұраққа Ғали Нәжімеденұлы:

-Үлкен ауылда балалар үш ауысымда оқып жүргенінен хабардармыз. Қазір мектеп салуға жоба жасалып жатыр, - деді.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале