25.08.2021, 16:47
Оқылды: 59

Облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Қаратөбе ауданында болып, аудан орталығындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған бірқатар әлеуметтік нысандардағы құрылыс барысымен танысып, Мұхит атындағы орта мектеп пен Қаратөбе мектеп-гимназиясының жаңа оқу жылына дайындығын бағамдады.

 1

Өңір басшысының орынбасары Б.Нарымбетов алдымен күрделі жөндеуден өткен «Қаратөбе» спорт клубы ғимаратындағы атқарылған құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанға жүргізілген жөндеу жұмыстары жөнінде спорт клубының басшысы Екпін Тналиев баяндады.

4

Облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында медігер «Dizain-D.A.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күрделі жөндеуден өткізіп жатырған үш қабатты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесі ғимаратындағы жөндеу жұмыстарын көрді.

3

Осы уақытқа дейін нысанда бірқатар жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігін, алда атқарылуға тиіс жұмыстарды баяндаған аталмыш компанияның өкілі жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтайтындықтарын айтты.

Аудан орталығындағы қос мектептің директорлары білім ошақтарының жаңа оқу жылына әзірлігі туралы әңгімелеп, мектептердің тыныс-тіршілігіне қанықты.

2

Одан соң Бақытжан Хаберұлы жаңадан ашылған Алаш және белгілі қаламгер Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде болды.

Жөндеу жұмыстары мен әлеуметтік нысандарды аралаған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовпен бірге аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мен тиісті мекеме басшылары жүрді.

 

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале