Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды
27 Қыркүйек 2023

Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Қыркүйек 2023

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады

Жыл басынан бері 6 бала өрттен қайтыс болды
27 Қыркүйек 2023

Жыл басынан бері 6 бала өрттен қайтыс болды

БҚО-да әскери оқу-жаттығу  өтті
27 Қыркүйек 2023

БҚО-да әскери оқу-жаттығу өтті

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді
27 Қыркүйек 2023

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған
27 Қыркүйек 2023

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғырлауда

Бүгін Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев келді.

IMG-20230513-WA0043
Ең алдымен Ержан Талғатұлы Амангелді ауылында орналасқан "Аруман" жеке кәсіпкерлігінің жылыжай жұмысымен танысып, кәсіпкер Ілияс Хайрушинмен жүздесті. Ұзындығы 100 метр болатын екі жылыжайдың иесі болашақта әлі де көлемін үйкейтуге, өсіретін көкеністертің қатарын көбейту бағытында жұмыстынып жатқанын жеткізді.
Одан кейін облыс әкімінің орынбасары көктемгі далалық жұмыстардың барысымен танысу мақсатында бірқатар шаруашылық құрылымдарын аралап, егіс науқанының барысымен танысты.

IMG-20230513-WA0050

Атап айтқанда "Жарас" шаруа қожалығының және "Амангелді-Арго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларымен кездесіп, егілген жердің көлемін, ауыл шаруашылығы техникаларының жағдайын қарап, жауапты мекеме және шаруашылық құрылымдары басшыларына егіс науқанын жоспарға сәйкес уақытылы жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырмалар берді. Ержан Талғатұлының ауданымыздағы жұмыс сапары Ақбұлақ ауылдық округінің Қотантал ауылындағы "ErQanat Group" жауакершілігі шектеулі серіктестігінің және аудан орталығында "Ауыл Аманаты"  бағдарламасы аясында егілген бақша жұмысымен жалғасты.

IMG-20230513-WA0048
Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында  «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясындағы несие алуға ниет  білдірген жандармен кездесті. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтың төрағалығымен өткен басқосуда облыстан келген басқарма мамандары ауыл тұрғындарының сұрақтарына орай толық мағлұмат берді.
Жұмыс сапарының соңында Ержан Балтаев Шыңғырлау ауылындағы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Chingirlau-Мilk» АШӨК-не сенімгерлік басқаруға беруге жоспарланған нысандармен танысып, АШӨК төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру барысында сәттілік тіледі.

IMG-20230513-WA0044

IMG-20230513-WA0049

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале