8.10.2020, 12:56
Оқылды: 82

Облыс делегациясы нысандарды аралады

Алдағы сайлау мәселесімен Бөкей ордасы ауданына келген облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ғайса Қапақов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар негізгі мәселесімен қатар ауданның тыныс-тіршілігіне де назар аударды. Меймандар аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов және бірқатар мекеме басшыларымен Сайқын ауылындағы құрылыс нысандарын аралады.

Nysan (1)

Жұмысын орталықта орналасқан М.Мәметованың ескерткішіне тағзым етуден  бастаған облыс делегациясы «Күйішілер аллеясы» саябағына және биыл ғана орнатылған «Қаһарман аудан» белгісіне барды. Сонымен қатар аталмыш делегация дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне, М.Мәметова атындағы ЖОББ мектебіне, аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына арнайы барып құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқандығын айтып, мердігерлерге қарқынды ширатуды тапсырды.

Nysan (3)

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале