12.12.2020, 15:27
Оқылды: 80

Облыс орталығында өткен жәрмеңкеде Теректі ауданынан әкелінген ет және сүт өнімдері тиімді бағада сатылды

Бүгін облыс орталығында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Теректі ауданы ет және сүт өнімдерінің түр-түрін алып барды.

20201212_152437

Ихсанов көшесі бойындағы жәрмеңкеде саттыққа әкелінген ірі қара, жылқы еті, құс ұшалары әп-сәтте сатылып кетті. Сүт-айран, қаймақ, сүзбеге де сұраныс жоғары.

Делдалсыз, өндірушінің өз бағасымен сатып, сатып алуға жағдай туғызатын осындай жәрмеңкелер екі жаққа да тиімді. Мысалы, осы жолы сатылған ірі қара еттің бағасы 1600 теңге, жылқы еті небәрі 1700 теңгеден болды. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ауданда да ұйымдастырылады.

20201212_152428

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлан Бердіғалиев берген мәлімет бойынша, жәрмеңкені 15 желтоқсан күні Подстепное ауылында өткізу көзделген.

Камелия Өтеу,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале