9.11.2023, 17:00
Оқылды: 44

Облыс турнирі: үздіктер кімдер?

Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен жастар арасында «JASTAR CUP - 2023» волейболдан облыс турнирі өтті.

IMG_5391

Жарысқа  Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау және Ақжайық ауданынан жастар қатысты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Сердалин сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгінгі таңда еліміз спортқа ерекше ден қойып, көңіл бөліп отыр. Жуырда ғана Тайпақ ауылы және аудан орталығында жаңа спорт кешендері ашылды. Ауыл-ауылдарда шағын спорт алаңдары бой көтерсе, мектептердегі спорт залдары тұрғындар үшін қолжетімді. Мұндай жұмыс жалғаса береді. Өйткені саламатты өмір салты азаматтардың денсаулығының негізі. Әрқашан спортты серік етіп, қатарластарыңызға үлгі болыңыздар. Сайыста тек шын мықты жеңіске жетсін, – деді Мұрат Сердалин.

Сонымен тартысты өткен бәсекеде Бәйтерек ауданы І орын, Жаңақала ауданы ІІ орын, Бөрлі ауданы мен Шыңғырлау ауданы ІІІ орыннан көрінді.

Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале