4.06.2021, 22:25
Оқылды: 120

Облыстық мәслихат хатшысы Сырымға келді

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Сырым ауданына келді. Ол жұмыс сапарын ауданның ауылдық округтеріндегі инфрақұрылым жұмыстарымен танысудан бастады.6AAE3493-005A-463D-B67F-F4A86D4F6C97

Атап айтар болсақ, Алғабас ауылдық округіндегі бірқатар нысандар, 15 тұрғын үй алаңына инженерлік коммуникациялар желісін тарту, "Nur Otan" партиясының 2021 жылғы сайлауалды бағдарламасының тізіміне енген 10 тұрғын үйдің құрылысы, елді мекендерді сумен қамту жұмыстарымен, Алғабас ауылындағы мәдениет үйінің жай-күйімен және жаңадан бой көтергелі отырған шағын маркеттің құрылыс барысымен танысып қайтты.

CB12F980-27D3-40CF-9659-54CA2A16AA29

Кеңащы топтық су құбырының жұмысымен танысу үшін Жымпиты ауылдық округіне қарасты "Данил" нүктесіндегі су құбырлары, Бұлан ауылдық округіне екі шақырым кірме жол, ұялы байланыс, фельдшерлік-акушерлік пункт, балаларға арналған жазғы демалыс лагері секілді жұмыстардың барысы айтылды.

Жымпитыдағы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы үйірме шәкірттерінің жұмыстары мен жетістіктеріне аталмыш орталық басшысы Н.Жәңгірханов тоқталса, "Қайсар" спорт клубының директоры Е.Мұқанов аудан халқының спортқа деген көзқарасының оң екендігін, аталмыш спорт клубының шәкірттері де осал емес екендігін тілге тиек етті.

CCC9F533-BA8E-42BD-BBCC-EC96A7A10167

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен басқосуда Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстардың жай-жапсарын баяндады. Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы тұрғындарға жеке қабылдау жүргізіп, сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Бибігүл Тишанқызы аудан ахуалымен, депутат әріптестерінің тыңғылықты жұмыстарымен танысып, өзінің ризашылығын білдіріп, ауданымызда жасалып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале