25.05.2021, 19:25
Оқылды: 85

Облыстық мәслихат хатшысы Тасқала ауданы депутаттарымен кездесті

Жуырда Тасқала ауданына облыстық мәслихаттың хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын білу мақсатында депутаттармен кездесті.

8F303B16-3804-446D-BE0B-FA57B703B85A

Алдымен Бибігүл Қонысбаева аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы және аудандық депутаттар корпусы «Жастар» стадионында алма ағаштарын отырғызды. Содан соң кездесу дөңгелек үстелмен жалғасты. Жанар Нұрболатқызы аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылымдағы депутаттарының өткен төрт айда атқарған қызметтері туралы баяндап берді. Аудандағы маңызды су, электр жарығы, жол, күрделі жөндеу, интернет және басқа да мәселелер талқыланды. Облыстық мәслихат хатшысы қойылған сұрақтардың көбіне өзі жауап берді. Өзге де сұрақтар бойынша тиісті органдармен жұмыстанатынын айтты. Кездесу нәтижелі өтті. Сонымен қатар БҚО мәслихатының хатшысы жеке қабылдау өткізіп, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақтығұл Жұмажанұлы мен аудандық мәслихаттың депутаты Ақжарқын Ақбалақызын қабылдады.

Сондай-ақ облыстық мәслихаттың хатшысы Бибігүл Қонысбаева Тасқала ауданы, Бірлік ауылында орналасқан су құюға арналған "Феррум контракт" жұмыс шеберханасында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы судың аудан тұрғындары үшін маңызды екені, инвестициялар және жаңа жұмыс орындарының ашылуы туралы айтты. Хатшының жұмыс сапары «Шевченко» жеке кәсіпкерлігінің әлеуметтік маңызы бар өнімдерін отырғызу бойынша плантациясын көрумен жалғасын тапты.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале