29.10.2021, 16:18
Оқылды: 136

Облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Бүгін аудан орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Рухани жаңғыру» бағдарлама мақаласы аясында және ауыл шаруашылығы күніне орай Ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық турнирінің ашылу салтанаты өтті. 

WhatsApp Image 2021-10-29 at 14.57.10 (1)

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ауыл шаруашылығы күніне орай ұйымдастырылып отырған облыстық көкпардың ашылу салтанатымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тілесе, ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры  Ерболат Байбатыров жарыстың ережелеріне тоқталып өтті.

WhatsApp Image 2021-10-29 at 14.57.10 (4)

Екі күнге созылатын дүбірлі додада облысымыздың Орал, Теректі, Ақжайық аймақтарынан келген және өзіміздің шыңғырлаулық спорт сүйер қауымы өз өнерлерін көрсетуде.

WhatsApp Image 2021-10-29 at 14.57.10 (3)

Жалпы ауыл шаруашылығы күніне орай мерекелік шаралар екі күн өткізіледі, бірінші күні көкпар ойыны, екінші күні Дала қызықтарымен жалғасын табады. Атап айтқанда көкпар ойындарының финалдық кезеңі, аударыспақ, теңге ілу, бағана басынан сыйлықтарды алу, арқан тартыс, қой көтеру, бәйге жарысы өткізіледі.

WhatsApp Image 2021-10-29 at 14.57.10 (6)

Сондықтан, барша аудан тұрғындары мен қонақтарды спорттық ойындарға қатысуға, тамашалауға шақырамыз!

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале