23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Дән ауылдық кітапханасында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Ой оятқан 60 минут» атты танымдық шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар қатысушылардың сыни, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ерекше мән берілді.
«Ой оятқан 60 минут» — қысқа уақыт ішінде түрлі интеллектуалдық тапсырмалар мен шығармашылық жаттығулар арқылы ойды сергітіп, білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған ерекше форматтағы кездесу болды.

Шара барысында қатысушылар кітап оқу жайлы пікірлерімен бөлісіп, зейін мен жылдамдыққа негізделген тапсырмаларды орындады. Топтық жұмыстар арқылы өзара ой алмасып, шығармашылық белсенділіктерін көрсетті.
Қатысушылардың белсенділігі жоғары болып, әр тапсырмаға қызығушылықпен қатысып, өз білімдері мен ой ұшқырлығын таныта білді.
Бұл 60 минут — жай ғана уақыт емес, жаңа идеялар мен тың бастамалардың бастауы болды.

Ой бар жерде — даму бар, білім бар жерде — жарқын болашақ бар!
Нұрғали Төлегенов
Шыңғырлау ауданы