2.08.2021, 23:00
Оқылды: 73

Ойлы озады, ойсыз тозады

Той-томалағымызды өткізуге қатысты даңғазадан, даңғойлықтан, шашпа-төктен арылу жайында бұқаралық ақпарат құралдарында дүркін-дүркін айтылып-ақ келеді. Өкінішке қарай, бұдан қорытынды шығару жағынан әлі күнге жайбасарлығымыз басым. Ал далбасалық, атаққұмарлық жағынан аяғымыз аяғымызға жұқпайды. Сондықтан ғой, той-топырымыз батысшыл-еуропашыл реңмен боялып, өзімізді танудан қалғанымыз...

Жана сипаттагы той (1)

Ғұрыптық рәсімдерді өткізу мәдениеті жағынан біз ұсынақты, үнемшіл басқа ұлт-ұлыстарға қарағанда, қанша жыл кейін қалдық екен? Тойханалар көбейе бастағалы, кемі ширек ғасырдан бері оны кісіге толтырмасақ, көңіл көншімеуінен ас-судың ысырабы шектен шықты. Құдайды ұмыту ғой бұл. Дүниені рәсуа ету, орынсыз ақша шашу – Исламда харам. «Аллаһ ысырапшылдарды сүймейді», - делінген емес пе Құранда.

Адамзатты үрейлендіріп, миллиондаған қазаға, бұрын-соңды болып көрмеген дағдарысқа ұшыратқан мына пандемия кезінде ортақ тәртіпке бас июшілерден гөрі керітартпалық кеселіне ұшыраушылардың көп-тігіне қарап, жинақылықтың, ұқыптылықтың ауылына қашан жетеміз мұнымен деп пұшайман боласың. Қарақұрым жұртты жинап жасырын той, құдалық, ас беруді ұйымдастырудың ақыры вирустың емін-еркін жайылуына жағдай жасағанынан мысал дегенің жетіп жатыр. Қашан етек жиып, ес жинаймыз де?!

Бекем  Бекұлы,

Ақжайық  ауданы

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 3 тамыздағы  №62 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале