31.01.2022, 22:21
Оқылды: 109

Округ әкімдерінің есептік кездесулері басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар башыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауылдық округ әкімдерінің есеп беру жиындары басталды.

AA16A031-7780-4A99-BB61-A0E4236CF522

Бүгін Қарасу, Болашақ, Ақпәтер, Қараөзен ауылдық округтерінің әкімдері халық алдында есеп беріп, ауылдық округте атқарылған жұмыстармен таныстырды. Округ әкімдерінің есебіне Казталов ауданы әкімінің орынбасарлары Зәйлім Мәжитова, Қадер Нұрғалиев және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин куә болды.

5DD6E1CF-CE80-44DA-8AE3-577A7911F04F

Қарасу ауылдық округінің әкімі Асхат Нұржанов, Болашақ ауылдық округінің әкімі Досжан Ахметов, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Нұрхат Болаев, Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолов округ тұрғындарына 2021 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Есеп беру жиыны барысында тұрғындар медицина қызметкерлерінің тапшылығы, бірқатар елді мекендегі мектеп құрылысы, ауыз су мәселесі, тозығы жеткен электр желілерінің бағаналарын ауыстыру, ұялы байланыс операторын орнату, жол мәселесі, көгілдір отын кіргізу, техникалық су тарту, көбік қазу, шағын футбол алаңдарын салу сынды бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

B16EA775-B24C-4787-B97D-D3EC71BA3CD0

Округ әкімдері мен аудан әкімінің орынбасарлары және «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары аталған мәселелердің назарда болатынын атап өтті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале