Карина Ибрагимова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері
26 Наурыз 2023

Карина Ибрагимова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Сенбілік басталды
25 Наурыз 2023

Сенбілік басталды

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Оқуға құштар отбасы

Казталов ауданына қарасты Талдықұдық ауылында бала-шағасымен бірге кітаптар мен газет-журналдарды жиі оқып, ұрпағын рухани азық алуға тәрбиелеп жүрген отбасы бар.

IMG-20230111-WA0208

Олар – Нұрсұлтановтар отбасы. Бұл жөнінде С.Есетов атындағы ЖОББМ-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы хабардар болдық.

Ерлі-зайыпты Бауырбек Нұрсұлтанов пен Нұргүл Сәнкібаева жергілікті мектеп кітапханасының қорындағы көркем әдебиеттерді, жыр-дастандарды жиі оқып отырады. Әке мен ананың рухани әлемге деген құштарлығы балаларына дарып, кітапқа құмарлықтары артқан. С.Есетов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Бекнұр Үмбет пен 6 сынып оқушысы Жанаман Үмбет мектептердегі іс-шаралардан қапы қалмай, демалыс уақыттарын да тиімді пайдаланды. Мәселен, қысқы демалыс уақытында Бекнұр Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхатын», «Менің атым Қожасын» оқып шыққан.

IMG-20230111-WA0207

-Өзім көркемсөз, мәнерлеп оқуға бейіммін. Болашақта әртіс те болғым келеді. Ол үшін тіл байлықтың да мол болуы маңызды ғой. Сондықтан бос уақытымда мектеп кітапханасынан кітаптар алып, қала берді мерзімді басылымдарды да оқып отырамын. Отбасымызбен бірге басымыз қосылған кезде оқығанымды ортаға салып, ой бөлісуді әдетке айналдырдық. Уақыт өте келе «Артық білім кітапта» екендігіне көзім жетті, - дейді Бекнұр Бауырбекұлы.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале