29.05.2023, 21:28
Оқылды: 23

Оқушылар арасында оқу-далалық жиын басталды 

 Бүгін Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 29 мамыр-2 маусым аралығына жоспарланған ауданымыздағы 14 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына бес күндік оқу-далалық жиыны басталды.

IMG_2640

Жас туристер станциясының базасында ұйымдастырылған бұл шара ауданымыз бойынша екінші мәрте өткізіліп отыр. Аталмыш жиынның негізгі мақсаты – жастарды  ұлтжандылыққа тәрбиелеу, дене бітімін жетілдіру және әскерлік дағдыларға үйрету. 

100-ге жуық жасөспірім қатысқан жиынның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, білім беру бөлімінің  басшысы Руслан Ғұмар, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім қызметкері, запастағы подполковник Абай Габдуллин, штаб бастығы Серік Темірханұлы, Жаңақала ЖОББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, лагерь бастығы Батыр Таулин және әскери жетекшілер қатысты. Жиында сөз алған А.Нұрғалиқызы Отан қорғау ер-азамат үшін басты парыз екенін атап өтіп,  оқушыларды әскери өмір мен қатаң тәртіпке дағдылануға шақырды. Сондай-ақ Батыр Болатұлы қатысушыларды 5 күн ішінде атқарылатын жұмыстармен таныстырды. 

IMG_2684

Іс-шара соңында 4 взводқа бөлінген болашақ сарбаздардың бірі автоматты шашып кері жинаса, бірі турникке тартылды. Сонымен қатар «Тактикалық дайындық» әдісімен кедергіден жорғалап өтсе, енді бірі нысанаға автомат атып, мергендіктері сынға түсті. 

Маусым айының 2-сіне дейін оқушылар оқу-далалық жиынның бекітілген күн тәртібіне сай жұмыстанады. Және Жаңақазан ауылдық округінің іргесіндегі 51809 «В» әскери бөліміне барып, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен жақын танысатын болады.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале