16.11.2021, 12:52
Оқылды: 59

Оқушылардың қауіпсіздігі —  басты назарда  

Федоров №1 ЖОББМ-де оқушылардың қауіпсіздігі мен вакцинациялау мәселесі және басылымға жазылу науқаны жөнінде аудандағы мектеп директорларының қатысуымен кеңес өтті. Оған Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев қатысса, жиынды Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусайынова жүргізіп отырды.

8328191D-9DA5-4C52-AFDF-46185585DC44

Оқушылардың вакцинация мәселесі төңірегінде мектеп директорлары тарапынан туындаған сауалдарға Теректі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басшысы Ләйла Ашықова, Подстепный амбулаториясының директоры  Гаухар Ғатауова және эпидемиолог дәрігер Айнұр Отарбаева жауап берді.

Оқушылардың қауіпсіздігі, террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптар жөнінде Теректі аудандық полиция бөлімі  басшысының орынбасары Альмир Нұрғалиев баяндама жасады.

0003D017-4346-43CA-8B90-17F24B02DFA3

Бүгінгі таңда республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу науқаны жүруде.  Білім беру саласы қызметкерлерінің газеттерге қолдауы, аудан айнасында ұстаздарға арнап ашылған арнайы бет жөнінде Теректі аудандық "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров сөз алды.

Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Армат Амангелдіұлы түйіндеді.

 Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале