20.03.2022, 17:10
Оқылды: 45

Оқырмаға арналған мереке

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық кітапхана ұжымы аудан тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына Ұлыстың Ұлы күніне орайластырылған "Берекелі, мерекелі әз-Наурыз" мерекелік шарасын ұйымдастырды.

IMG-20220319-WA0057

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатқан кітапхана ұжымы мерекелік шараны әсем ән мен қазақы дәстүрмен қарсы алды.

IMG-20220319-WA0056

Шара барысында ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, жас ұрпақтың ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында кітап көрмесіне шолу жасалды.  Мерекелік шара "Наурыз туралы хикая" көрінісімен жалғасып, оқырмандар таң-тамаша күй кешті. Кітапхана ұжымының ерекше шарасына арнайы келген ауылдың ақ жаулықты әжелері мен ақсақалдарына ұлттық дастархан жайылды. Оқырманына мереке сыйлаған ұжымға үлкендер ақ батасын беріп, жастар әсем әндерін арнады.

IMG-20220319-WA0055

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале