6.06.2023, 16:45
Оқылды: 31

Оқырмандарға арналған акция

Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ классикалық әдебиеттерін насихаттау, оқырмандарды кітап оқуға тарту, қоғамның азаматтық белсенді әрі мәдениетті бөлшегі ретінде оқитын жастар бейнесін қалыптастыру мақсатында 2023 жылы жүзеге асырылып отырған кітапханалық «BookstoreCHINGIRLAU» жобасы аясында « Менің сүйікті кітабыммен» атты акция өткізілді.

кі

Шараға аудандық балалар саз мектебінің, жастар ресурстық орталығының, Шыңғырлау ЖОББ мектебінің, «Болашақ» бөбекжайының, аудандық туризм және экология орталығының, төтенше жағдай бөлімінің жас мамандары, жастар және кітапханашылар қатысты. Акция барысында аудандық балалар саз мектебінің дәстүрлі әндер оқытушысы Аманғали Сатпанов М.Құрманғалиеваның «Әдеби мемуарлар» сериясымен шыққан «Ғарифолла Құрманғалиев туралы естеліктер» кітабын өзі күнделікті жұмыс барысында қолданатыны туралы айта келе, алар тәлім-тәрбие мол екені туралы баяндап, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды. Аудандық балалар кітапханасының жетекшісі Гүлназ Айтжанова соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысын шығармаларына арқау еткен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі туралы айтып, оқырмандарға оқуға кеңес берді. Әдеби викторина да оқырмандарды сергітіп, көңілдерінен шықты.

Шара соңында кітапханшы оқырмандардың көп сұранысына ие болып жүрген З.Ахметованың «Шуақты күндер», Абайдың «Қара сөздері», М.Шүйіншалиеваның «Өкініш», Б.Момышұлының «Ұшқан үя» және мотивациалық «Оқуға тиіс 10 кітап» сериясымен шыққан «Табыс», «Тәрбие» т.б. кітаптарын оқырмандарға оқуға ұсынды.

                                                                                                           Назира Садықова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале