20.07.2021, 20:15
Оқылды: 27

Өлеңтіде 200 балаға тәтті үлестірілді

Сырым ауданындағы Өлеңті ауылының жастары Құрбан Айт мерекесін ерекше тойлады.

20210720_200801

Айт намазынан кейін Өлеңті ауылының көшелерінеде «Айт керуені» жүріп өтті. Жастар көліктерінде орнатылған дыбысзорайтқыш арқылы халықты қасиетті мерекемен  құттықтап, елге бақ-береке тілеп, ауыл көшесінде жүрген балаларға тәттілер үлестірілді. Осы күні 200-ден астам бүлдіршін Айт сыйлығына ие болды.

- Ауылымыздың берекесін – бірлігін сақтау, сол құндылықтарды іні-қарындастарымыздың санасына сіңіру – біздің ағалық міндетіміз. Осыдан екі жыл бұрын «Өлеңті» қайырымдылық қорының жұмысын бастағанбыз. Қазір қор жұмысы бір ізге түсті. Елдегі, елден жырақ жүрген ауылдастар ай сайын қаржы аударып тұрады. Сол арқылы біраз іс атқарылды. Бір үйге ішкі – сыртқы жұмыстары жасалып, газ тартылды. Пандемия кезінде табыссыз қалған жанұяларға азық-түлік жеткіздік. Бүгінде «Жұма дәмі» жобасымен әр жұма сайын мұқтаж үйлерге азық себетімен көмектесудеміз. Айт күніне жоспарлаған шарамызға да «Өлеңті» қоры демеуші болып жатыр. Балалар қуанып қалды. Жас ұрпақ Жаңа жылды емес, Ораза айы мен айт мерекесін күтсе екен!, - дейді Айт керуенін бастаған жастардың бірі Батырхан Нухиев.

Түстен кейін ауыл жастары құрбандық шалып, ірі қараның етінен 8 жанұяға дәм жеткізді. Кешке стадионда мерекенің құрметіне шағын футболдан жарыс өтпек.

Б. Шерім, 
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале