3.05.2022, 21:29
Оқылды: 98

Өлеңтінің бойына 200 түп тал егілді

Сырым ауданы орталығы Жымпитыдағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 1985 жылғы туған түлектері Өлеңті өзені жағасындағы жаңа саябаққа 100 түп шаған ағашын (ясень), 100 түп алма ағашын еккен.

F92F1B04-93E4-46F4-9B88-DF7AD0185507

Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер атынан Артур Шерғалиев,
- "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген сөз текке айтылмаған. Тал отырғызу, жеміс ағаштарын егу бізден де өзге түлектерге, кейінгі іні-қарындастарымызға үлгі болса деген ниетіміз бар. Ауылымыздың, еліміздің гүлденуі өз қолымызда екенін естен шығармауымыз керек,- дейді.

28954D4B-0C0C-4F33-9D87-2FC0A536A6DB

Иә, расында ауданымызда жыл санап Жымпиты мен Өлеңті ауылдарынан бөлек, өзге округтердің түлектері де табиғатқа жанашырлық танытып, игі іс жасап жүргенін айта кетпеске болмас.

Өлеңті өзенін жайлаған жеміс ағаштары да ауданның сәнін келтіріп қана қоймай, тал егу өскелең ұрпаққа да үлгі болып, жалғасын тапса нұр үстіне нұр болмақ.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале