4.12.2023, 18:58
Оқылды: 21

Олимпиада чемпионы оқушылармен кездесті

Бөрлі ауданына боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов келді.

ермахан (2)

 Ол «Бөрлі» және «Қарашығанақ» спорт кешенінде жас жеткіншектермен, БЖСМ бокс үйірмесінің спортшыларымен кездесті.

2 бетте

Әлем мойындаған чемпион жас боксшыларға осы спорт түріне қалай келді, қандай қиындықтардан өтті, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айтып жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру барысында ол Сиднейдегі олимпиаданың қызықты сәттері жайлы айтып беріп, шеберлік сағатын өткізді. Кездесу ерекше форматта өтті. Олимпиада чемпионы әр балаға жеке көңіл бөлуге тырысты. Чемпионмен бетпе-бет жүздескен жас спортшылар риза. Кездесу соңында жас боксшылар аңыз спортшыдан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

ермахан (1)

Ауданға келген мәртебелі мейманмен бірге облыстық бокс федерациясының президенті Бауыржан Каримов және аудандағы бокс федерациясының президенті Батырбек Ибрашев бірге жүрді.

Олар аудан спортының тарихы, кешегісі мен бүгінін айшықтайтын музейді тамашалады.

Ермахан Ыбрайымов ауданның спорт саласының дамуына оң бағасын беріп, жас спортшыларға сәттілік тілеп, болашақта олимпиада төрінде чемпион болуларына ізгі тілегін білдірді.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале