18.01.2024, 16:15
Оқылды: 29

Олимпиададан жүлделі келді

Биыл алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылған болатын. Облыстық кезеңнен жүлде алған төрт теректілік шәкірт республикалық олимпиадаға жолдама алды.

image-18-01-24-01-03

Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің география пәні бойынша жеңімпаздары анықталды. Теректі ауданының намысын қорғаған Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Айым Бағынбай Астанада өткен білім аламанында география пәнінен І орын алды. Теректілік оқушылардың білім бәйгесінде алған олжалары тек мұнымен шектелмеді. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп пен Ақсуат мектебінің қос бірдей шәкірті Дәурен Темірболат пен Әбдірахман Орынбасар жүлделі III орынды жеңіп алды.

image-18-01-24-01-03-1

Марапат иелері білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаевтың алғысхатымен марапатталды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале