31.01.2024, 12:30
Оқылды: 25

Олимпиададан жүлделі оралды

Жақында Астанада ауыл мектептері арасында алғаш рет өткізілген республикалық олимпиададан Батыс Қазақстан облысының командасы жүлделі ІІІ орынды иемденсе, Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Кенжебек Меңдәлиев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Саида Абуханова жүлделі ІІ орынға көтерілді.

20240130_155539

Айтулы білім сайысында ауыл, аудан, облыс намысын қорғап, жүлделі орынды қанжығаға байлаған Саида мен пән мұғалімі Диана Жұбай, аталмыш мектептің директоры Салтанат Өтеғұлова мен Саиданың анасы Ләззат Абуханованы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген Саиданы ауылдастар атынан құттықтады.

Сапалы білім мен саналы тәрбиені бойға сіңіруде, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін жиюда қатарластарына үлгі болып, тұлға болып қалыптасуда қанатының талмауына және алдағы уақытта әлі де жетістіктерге жете беруіне ауыл әкімі шынайы тігегін жеткізді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале