28.01.2022, 10:20
Оқылды: 56

Олимпиадашыларды қолдауға арналды

ХХІV қысқы олимпиада ойындары аспан асты елінің астанасы Бейжіңде өтеді. Осы орайда, Бәйтерек ауданы орталығына қарасты Поливное елді мекені аумағында олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған аудандық шаңғы фестивалі өтті.

IMG-20220127-WA0036 (1)

Шарада мектеп қабырғасындағы жас шаңғышылардан бастап, әр сала мамандары мен ардагер спортшылар бой көрсетті.

IMG-20220127-WA0053

Фестиваль барысында қатысушылардың шеберлігі мен ептілігі сыналды. Өзара мықтыларды анықтаған жарыста бірін-бірі басып озып, тартысты жарыс көрсеткен әуесқой шаңғышылар кәсіби ойыншылардан кем түспеді.

IMG-20220127-WA0058

Ережеге сай, түрлі жас шамасы бойынша қатысушылар топтастырылып, кезекпен кезек сөреге жақындады.Қыздар арасында өткен сын бір шақырымды қамтыса, ерлер арасындағы бәсеке екі шақырымға созылды.

Жарыстың басы-қасында жүрген БҚО шаңғы жарысы федерациясының президенті, аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев фестиваль басында шаңғы спортының пайдасына тоқталып, белсене қатысқан жандарға алғыс айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

-Төртінші ақпанда кезекті спорт бәсекесі, төртжылдықтың басты спорт сыны – қысқы олимпиада ойындары басталады. Қар үстіндегі аламан бәйгеде ел намысын қорғайтын спортшылар жанкүйер қолдауын күтеді. Қазақ елінің намысын арқалап аттанған спортшылармен бірге екенімізді көрсету үшін осындай шараны ұйымдастырдық. Сонымен қатар бұл фестиваль шаңғы спортының дамуына да өзіндік септігін тигізеді. Бейжің асып, ел үмітін ақтамаққа кеткен спортшыларымыз биіктен көрінсін,- деді облыстық шаңғы жарысы федерациясының президенті, аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

IMG-20220127-WA0054

Бәсі биік бәсекеде ерлер арасында өз жас шамасында Бахтияр Исимов, Нүркен Касимов, Ақылбек Турагалиев, Жарас Айтуаров, Мурат Сагинов сынды шаңғышылар үздіктер қатырынан көрінсе, қыздар арасында Мендигүл Дәулетқалиева, Индира Курмангалиева, Ляззат Тулепбергенова мен Дамира Ерсаиновалар топ жарды.

IMG-20220127-WA0038 (1)

Жарыс жеңімпаздарын Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Ғұмарұлы құттықтап, диплом, медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Назерке Сыйлыбай,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале