19.05.2021, 14:40
Оқылды: 32

Омаровтар «Толағайда» топ жарды

Бөкей ордасында Халықаралық отбасы күніне арналған мекемеаралық "Толағай" отбасылық спорттық жарысы өтті.

 ОМАРОВТАР

Отбасыдағы ауызбіршілік пен береке жас ұрпақтың болашағын бағдарлайтындығын айтқан аудандық мәдениет, тілерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев жарысқа ниет білдірген М.Мәметова мен М-С.Бабажанов мектептерінің Омаров, Елекешев, Мухатовтар командаларына және аудандық демалыс орталығының намысын арқалай келген Насыровтар отбасына жарыста сәттілік тіледі.

омаровтар1

Сайыста ата-аналар баласымен мергендікті, жылдамдықты, ептілікті байқатты. Сегіз кезеңнен тұратын жарыста отбасылар асық атып, жебе лақтырып, қапшықпен секірді. Сонымен қатар допты бірде қасықпен, бірде аяғымен, енді бірде ішіне салып, қолымен ұстамай кедергілерден өтіп, орнына алып келді.

Көңілді ойын барысында Омаровтар отбасы талассыз І орынды жеңіп алса, Насыровтар отбасы ІІ орынды иеленді. Ал Елекешевтер жанұясы мен Мұхатовтар отбасы ІІІ жүлдені өзара бөлісті.

 

Раушан Аппақова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале