15.02.2022, 12:00
Оқылды: 69

Өмір сүруге қақың бар, Назгүл!

Әлеуметтік желіде Назгүл есімді бойжеткеннің еміне көмек сұраған парақшаны көзіміз шалды. Қара шашы төгілген, қасы – көзі қиылған жас аруды ауруға қимайсың! Әйтсе де...

InShot_20220215_115944581

Назгүл Зайнуллина – Сырым ауданының қызы. 1999 жылы дүниеге келген. Тоғанастағы В. И. Шубин мектебінде білім алып, білім сайыстарында биік жетістіктерге жетті. Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетіне оқуға түсіп, тарихи археологиялық қазба жұмыстарына да араласты. Орал қаласындағы №40 – шы мектепке қызметке тұрғаны да күні кеше еді.

Жұтқыншақ обыры! Бұл - Назгүлге қойылған диагноз. Дертті жеңу үшін 18 млн теңге қаражат керек. Ресей Федерациясының Димитовград қаласындағы клиника ем – домның құны осындай. Қарапайым жанұяның оған қайдан әл – дермені жетсін? Бірақ, елдің күші жетеді. Сондықтан, қайырымды іске атсалысайық!

Өмір сүруге қақың бар, Назгүл!

Есепшоттар:

Анасы Ұмсынғаным – 8 771 453 65 58 (Умсинганым.З)

Әпкесі Лаура - 8 705 308 08 24 (Лаура.С)

Толық ақпарат: @help_nazgul_komek парақшасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале