17.02.2022, 16:45
Оқылды: 38

Өмір сыйла, донор бол!

Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына облыстық қан орталығының мамандары келіп, «Донор күні» шарасын өткізді. Облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен және  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен оздырылған акцияның мақсаты – донорлықты дәріптеу, қан мен оның компоненттерінің санын арттыру, қайырымдылыққа атсалысу.

IMG_8974

Аудандық аурухананың қан құю бөлімшесінде ұйымдастырылған игі шараға келген еріктілер арасында аудан жастары, полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары болды.

Облыстық қан орталығының дәрігері Нұрболат Дүйсенғалиевтің айтуынша, алғашқы күні елуге жуық адам келіп қан тапсырса, екінші күні игі шараға тағы сонша тұрғын келіп қан тапсырыпты.

IMG_8981

-Осындай игі шаралар жалғасын табатынына сенімдіміз және қайырымдылық акциясына қатысуға келген әр тұрғынға ризашылығымыз шексіз. Негізі мұндай шаралар жылына екі рет өтеді. Келіп қан тапсырғандар арасында тәжірибелі донорлар да, бірінші рет тапсырған жандар да болды. Алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарына баруды жоспарлап отырмыз,-деді облыстық қан орталығының дәрігері Нұрболат Дүйсенғалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале