29.09.2021, 14:39
Оқылды: 137

Өңір басшысы Теректіге келді

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Теректі ауданына келді. Өңір басшысы орталықта аудан активімен кездесті.

F4AAFB16-B1C4-4666-81B1-C967CE17A8D5

Жиынның күн тәртібінде тек бір ғана мәселе қаралды. Ғали Нәжімеденұлы осы күнге дейін ауданды басқарып келген Арман Өтеғұловтың облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанын жеткізді.

44A0540D-1343-4F5F-B08B-4902F8C08B0D

- Әрине, кадр мәселесі қай жерде де өзекті. Дегенмен Арман Өтеғұловтай өз ісінің шебері қай жерде болмасын сұранысқа ие. Арман Кәрімұлы енді облысымыздағы ауыл шаруашылығы саласын назарда ұстайтын болады. Облыстың өсіп-өркендеуі үшін Арман Өтеғұловтың тәжірибесі аса қажет фактор болмақ. Осы тағайындауды теректіліктер де қолдайды деп сенемін,- деді өз сөзінде облыс әкімі.

34F6C421-3C41-47EE-9F3A-8F6A78B07DDF

Ауданның құрметті азаматтары С.Қоқашев, А.Попов, В.Савченко, М.Төлегенов бір жылдан астам уақыт Теректіні басқарған азамат турасында оңды пікірлерін жеткізді. Халық қалаулылары және жастар атынан "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" қоғамдық-саяси газетінің редакторы Ә.Орынбасаров сөз алып, экс-әкімге жаңа жетістіктер тіледі.

Жиынды қорытқан БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Кәрімұлы әріптестеріне,  ақсақалдар мен жалпы Теректі жұртшылығына ерекше ықыластары мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

 Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале