29.07.2022, 15:30
Оқылды: 45

Онлайн жүздесті

Бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде туған жер мақтанышы, қазақ журналистикасында өзіндік орны бар жерлесіміз, Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлегі Ақсәуле Қанатқызымен аудан жастары Zoom арқылы әңгіме өрбітті.

 1 (1)

Айтулы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы кездесуді алғы сөзбен ашып, елден сәлем жолдады.

Еуразия Ұлттық университетінің, АҚШ-тың Калифорния штатындағы Беркли университетінің үздік журналистика мектебінің түлегі, бүгінде Сүлеймен Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Ақсәуле Қанатқызы кездесуге қатысушы Нұртас Набиоллаұлы мен студент жастардың сауалдарына жауап берді.

1 (2)

- «Хабар» телеарнасында жұмыс жасау неліктен ұнамады?» деген Н.Сафуллиннің сауалына «Мен оппозияға жақын адаммын, сондықтан сол кездегі идеологияны ұнатпадым», - деді. Ал  Тараз қаласындағы Дулати атындағы университеттің филология факультетінің ІІ курс студенті Ақбота есімді студенттің журналистика саласы бойынша қойған сауалына «Журналист болу үшін алған біліміңізбен бірге тәжірибе болу керек. Ол үшін ІІ-ІІІ курстан бастап журналистика саласында жұмыс жасап, көбірек тәжірибе жинақтау қажет, - деп жауап берді.

Ақсәуле Қанатқызы журналистика факультетін таңдауына не себеп болғанын, туған жерінің ыстық ықыласы мен адамның бойындағы қарапайымдылық қасиеті, осындай еңбек жолына бастамашы болған қаймағы бұзылмаған туған ауылының ықпалы, білім берген ұстаздары және өзі қызмет жасаған республикалық «Хабар», «Дәуір» телеарналарындағы қызметтері турасында әңгімеледі.

Бастауыш сыныпта дәріс берген ұстазы Самал Ыбырайқызына сәлем жолдап, мектептегі қызықты оқиғалар туралы айтып берді.

Шараны қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллин Ақсәуле Қанатқызына қазақ күйлері жинағы таспаларын сыйға тартты.

                                                                  Ерболат Райсов,

                                                                 Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале