ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

Орал қаласында тоғызқұмалақтан ашық республикалық турнирі өтті

Қазан айының 22-27 күндері Орал қаласында Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы ашық республикалық турнирі өткізілді. Аталмыш жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Орал қаласы және өңіріміздің Бәйтерек, Жаңақала, Тасқала, Сырым аудандарының командалары қатысты.

АЗИЯҒА ҮШ ЖОЛДАМА (1)

5 күнге созылған тартысқа толы бәсекеде 11-жас ұлдар арасында Нұрәлі Арматұлы І орынды иеленіп жеңімпаз атанса, Бейбарыс Жолдасқали ІІ орын алды. Бекнұр Тұрсынбай ІІІ орынға табан тіреді. 13-жас ұлдар арасында Мадияр Жұмағали күміспен күптелсе, Нұрберген Түсіпқали қола жүлдені қанжығасына байлады. 20-жасқа дейінгі қыздар арасында Жаңақала спорт мектебінің түлегі Ақгүл Бауыржанқызы алтыннан алқа тақты.

АЗИЯҒА ҮШ ЖОЛДАМА (2)

Республикалық ақыл-ой додасы аяқталған соң Азия чемпионатына іріктеу болды. Нәтижесінде 13-жас ұлдар арасында бақ сынаған Бейбарыс Ғалымжанұлы жеңімпаз атанса, 13-жас қыздар арасында сынға түскен Айназ Амангелдіқызы жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Нұрберген Арматұлы осының алдында өткен Семейдегі жарыстың қорытындысы бойынша іріктеусіз жолдаманы иеленді.

- Әрбір жарыс бапкер мен жас спортшыларды шыңдайтыны сөзсіз. Бұл жарысқа баруға қолдау көрсеткен аудан әкімі Дархан Әмірханұлына және жеке кәсіпкерлер Саламат Сертековке, Махмұт Ешкаевқа, Қамбар Каменовке, Аманжол, Берген Ибрашевтарға өзімнің және ұжымымның атынан ризашылығымды білдіремін. Жарысқа жасөспірім спортшыларды баптап, бар білгенін үйретіп, аудан атын шығаруға үлес қосып жүрген тоғызқұмалақ үйірмесінің бапкері Қайрат Шаутеновке де айтар алғысым зор. Азияға жолдама алудың өзі үлкен олжа, - дейді аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекенов.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале